Back

Батыс Қазақстанда алғашқы дилерлік Lexus орталығы ашылды

Оның ашылу ресми салтанаты Ақтөбе қаласында 2019 жылғы 16 шілдеде өтті.

Нысанның жалпы ауданы 800 ш.м. құрайды. Ғимаратта Қазақстандағы Lexus автомобилдерінің толық моделдерінің қатарын көрсетуге мүмкіндік беретін заманауи шоу-румы бар. Сонымен қатар нысан тексеру, жөндеу және шығыс материалдарын айырбастау үшін және слесарлық жөндеуге арналған көтергішпен жабдықталған.

Ақтөбе қаласындағы Lexus орталығы Нұр-Сұлтан қ. және Алматы қ. кейін Қазақстан Республикасының аумағында брендтің 3-ші дилерлік орталығы болып табылады. Нысан «Ақтөбе Авто орталық» ЖШС-ға тиесілі, Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ жобаның қаржылық серіктесі болып табылады.

– бизнесті қаржыландыру туралы шешім қабылдау барысында, біздің банк басшылыққа компанияның қаржылық көрсеткішін ғана алмай, компанияның толыққандылығына және мақсатталпынымына, оның міндетіне, сонымен қатар қызметінің әлеуметтік-экономикалық саласына әсер ететініне ерекше көңіл бөлген, – деп атап өтті Банк ВТБ (Қазақстан)-ның Басқарма Төрағасы Дмитрий Забелло ашылу салтанатында. – «Ақтөбе Авто орталық» компаниясы осы барлық бағыттар бойынша керемет көрсеткіштер көрсетті.

Банк компаниямен 5 жылдан бері қызмет жасауда. Lexus орталығын тұрғызуға және іске қосуға арналған инвестициялық қаржыландырудан бөлек «Ақтөбе Авто орталық» ЖШС ВТБ-ның келесі өнімдерін, атап айтқанда, айналымдағы қаражатты толықтыруға арналған кредиттік желіні, еңбекақы жобасын, есеп-айырысу – кассалық қызмет көрсетуді, заңды тұлғаларға арналған депозиттерді және т.с.с қолдануда. Бұл серіктестік әлеуметтік экономикалық аумақтың дамуына: жаңа жұмыс орындарымен қамтамасыз етуге, бюджетке төленетін салық аударымдарын ұлғайтуға және қалалық инфрақұрылымды жақсартуға  жағдай жасауды.

– Банк ВТБ – бизнесті белсенді дамытуға қол ұшын беретін сенімді серіктесіміз. Біз жеке тіл табуды, жайлы қызмет көрсертуді, сонымен қатар осы банктің тиімді қаржылық өнімдері мен қызметтерін жоғары бағалаймыз, – деп айтты «Ақтөбе Авто орталық» ЖШС –ның Коммерциялық директоры Сергей Никитин.