Back

Шығыста “Домбыра күні” өмірге келген сәбилерге ұлттық аспап тарту етілді

Бүгін «Ұлттық Домбыра күні». Еліміздің барлық өңірлерде ұлттық мереке ұлықталуда.

Қазақстан халқы Ассемблеясы «Қасиетті домбыра» акциясын ұйымдастырып дәл осы күні сәбилі болған жас жұбайларды құттықтауда.

«Домбыра күні» аясында Шығыс Қазақстанда жасты да, жасамысты да бей-жай қалдырмаған ұлттық мәндегі шаралар ұйымдастырылып, қаладағы жазғы театрдың алдында әйгілі «Алтай» фольклор ансамблі өнер көрсетті.

Бұдан бөлек ұлттық қолөнер бұйымдарының көрмесі ұйымдастырылып қала тұрғындары өздерін қызықтырған кәдесыйларды сатып алды.

Кешқұрым Өскемендегі музей-қорықтың үлкен алаңында «Қасиетіңнен айналдым, Ұлы домбыра!» атты концерттік бағдарламасы ұйымдастырылады. Бұл кеште Байжігіт атындағы ұлттық оркестрдің үздік домбырашылары мен эстрада жұлдыздары өнер көрсетеді.

Ал Ассамблея ұйымдастырған акция аясында қаладағы «Ана мен бала» орталығында дүние есігін ашқан сәбилерге сый тарту етілді.

Жергілікті «Достық үйінің» маманы Владислав Артамановтың айтуынша акцияның негізгі мақсаты қазақтың ұлттық дәстүрлерін ұлықтау, қазақтың қара домбырасының қадір-қасиетін дәріптеу.

null

«Қазақтың жаны – домбыра. Осы аспаптың қоңыр үніне бөленген Абай қандай, Шәкәрім қандай. Ассамблея мүшелері – домбыра әрбір қазақстандықтың үйінде тұруы тиіс деп санайды. Домбырасын сақтаған қазақ халқы дәстүр-мәдениетін де сақтап қалды. Елбасы және Президентіміз айтатын «Рухани жаңғыру» бағдарламасының өзегі де осында», – дейді ол.

null

«Ана мен бала» орталығында дәл бүгін Гаусар есімді алтын асықтай бүлдіршін өмір есігін ашты. «Достық үйінің» өкілдері бақытты отбасыны қуаныштарымен құттықтап домбыра сыйлады әрі жаңа туған балаға алғашқы уақытта ауадай қажет болатын керек-жабдықпен қамтамасыз етті.

null

«Қызымның қазақтың күй тарихында із қалдырған әйгілі күйшілерге ұқсағанын қалаймын. Гаусарымның осынау музыкалық аспапты барынша меңгеруіне күш саламын. Әрбірден соң әу демейтін қазақ жоқ, домбыра тарту қазақтың қанында бар. Шыр етіп дүниеге келген қызымды домбыраның әуенімен ұйқыға бөлейміз», – деді Гаусардың әкесі Дархан Шоматов.  

null

Айта кетелік, «Домбыра күнінде» Шығыста қазірге дейін 25 бала өмірге келген. Күн аяқталғанға дейін тағы 18 сәби жарық дүние есігін ашады деп күтілуде.

 

Тағы оқыңыз:

Өскеменде «Домбыра: ұлы даланың жаны, рухы, тарихы» шарасы өтті