Back

Үш мектепке қазақ зиялыларының аты берілді

Алматы облысы, Панфилов ауданында үш мектепке қазақ зиялыларының есімі берілді.

Қазақстан Республикасы үкіметінің қаулысымен Панфилов ауданында бұрынғы А. Луначарский атындағы орта мектеп-гимназиясына даңқты қолбасшы, Кеңес Одағының батыры Бауыржан Момышұлының есімі берілсе, “Көктал орта мектебі” мектепке дейінгі шағын орталығы мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхамед Қонаевтың атымен аталатын болды. Сондай-ақ, Сәтжол орта мектебіне алаш көсемі Әлихан Бөкейхановтың есімі берілді. Қазіргі уақытта үкіметтің арнайы қаулысы шықты. Енді аудан әкімшілігі тарапынан атқарылатын тиісті жұмыстарды жасалынатын болады.

Панфилов ауданы әкімінің баспасөз қызметі