Back

Даниал Ахметов Арыс қаласына барып, көмекке мұқтаж отбасылардың үйлерін аралады

ШҚО әкімі Даниал Ахметов жұмыс сапарымен Түркістан облысындағы Арыс қаласына барды, деп хабарлайды Dalanews тілшісі.

Арыстағы ағайынға көмек қолын созған шығыс халқы қаладағы 500 ден астам бүлінген ғимаратты жөндеп беруді жоспарларлап отырғанын бұған дейін жазған болатынбыз.

  Сонымен қатар, жарылыстан зардап жеккен жұртқа  шығыстан 190 тонна гуманитарлық көмек жіберілді. Бұл туралы «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Әнуарбек Мұхтарханов айтқан.

Апатқа байланысты облысымыздың аудан орталықтары мен қалаларында зардап шеккендерге гуманитарлық көмек көрсету мақсатында 20-ға жуық көмек қабылдау пункті ашылған болатын.

Арысқа арнайы барған Даниал Ахметов ондағы елдің жай-күйімен көзбе-көз танысып, көмекке мұқтаж отбасылардың үйлерін аралап көрді.

– Құрметті достар, бүгін ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Түркістан облысының Арыс қаласында болдым. Делегация құрамында өңірдің жетекші құрылыс компанияларының басшылары болды. Олармен бірге біздің облысқа бекітілген 8-інші сектордағы нысандардың жағдайымен таныстық. Айта кетейін, бұл мәселе бойынша ертең брифинг өткіземін.

Атқарылып жатқан және жоспардағы жұмыстар туралы толығырақ БАҚ өкілдеріне айтып беремін,-деп жазды ШҚО әкімі өзінің Фейсбуктегі жеке парақшасына.