Back

Даниал Ахметов: “Көмір құнының қымбаттауына жол бермейміз”

Даниал Ахметовтың жетекшілігімен өткен Шығыс Қазақстан облыстық әкімдік отырысында жаңа жылу беру маусымына дайындық барысы талқыланды.

Өңір басшысы барлық әлеуметтік маңызды және коммуналдық тұрғын үй нысандарын қыркүйектің 15-іне дейін дайындауды нақтылап тапсырды.

Даниал Ахметовтың айтуынша қазіргі таңда Риддердің жылу электр орталығына қатысты мәселе туындап отыр.

“Маған аталмыш нысанда ешбір жөндеу және дайындық жұмыстары жүргізілмей жатқандығы белгілі. Проблеманың нақты неде екенін талдау үшін комиссия құрдық.



Биыл халық үшін көмір құны былтырғы бағада қалады. Негізсіз қымбаттатуға жол бермеуді және өткен жылы тоннасын 18 мыңнан асыра саудалаған трейдерлермен айналысуды тапсырдым. Бұл әсіресе, Үржар, Тарбағатай, Зайсан және басқа алыс аудандарға қатысты жағдай.