Back

Ермекбаев: “Арысқа қайтпаңыздар, жарылмаған оқ-дәрі болуы мүмкін”

Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев Арыс тұрғындарына үн қатып, әзірге үйлеріне қайтуға асықпауды сұрады.  

“Мұның барлығы қауіпсіздік мақсатында жасалып отыр.  Толық рұқсат етілмегенге дейін қалаға қайтпаңыздар, құрметті тұрғындар.

Себебі Арыстың көшелері мен жолдарында жарылмаған оқ-дәрі болуы әбден мүмкін.

Әзір арнайы шақырылған саперлер тобы тексеру-тазалау жұмыстарын бастады. Бұл іс аяқтала салысымен, тұрғындарға үйлеріне оралуға рұқсат беріледі”, – деді ведомство басшысы. 

Министр сонымен қатар халықты үйлеріндегі дүние-мүлікке алаңдамауға шақырды.

“Қазіргі таңда қаладағы барлық үй құқық қорғау органдарының қатаң бақылауында, осы себепті дүние-мүлікке алаңдамасаңыздар болады. Ұрлық-қарлық, тонау-үптеу болмайды. Әскери қалашықтар мен қару-жарақ та әскерилердің бақылауында”, – деді Ермекбаев. 

Айта кетелік Арыс қаласындағы жарылыстан соң қару, басқаларға қауіп тудыратын заттар мен нәрселерді сақтау ережесін бұзу бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. 

Ал әлеуметтік желіде куәгерлер түсірген видеолар көптеп шығып жатыр.

Тағы оқыңыз:

“Халықты эвакуациялаймыз”. Шөкеев Арыстағы апатқа қатысты мәлімдеме жасады

 

“Көлігіне снаряд түскен”. Арыстағы апаттан бір адам қаза тапты