Back

Арыстағы апат? Мен Қазақстанда АЭС салуға мүлдем қарсымын!

Бизнесмен Марғұлан Сейсембай Арыстағы апатқа қатысты пікір білдіріп, осы орайда елімізде АЭС құрылысын жүргізуге мүлдем қарсы екенін мәлімдеді. 

“Бүгін Арыста болған төтенше жағдайға байланысты ой.

Менің білуім бойынша, бұл Арыс әскери қоймасындағы болған бірінші жарылыс емес.

Елде қауіп-қатерлерді алдын алатын жүйесі жоқ болғандықтан, АЭС құрылысы балаға гранатаны ойнауға бергенмен тең.

Мен Қазақстандағы АЭС құрылысына мүлдем қарсымын!

P.S. Бұл жарылыс арқасында өз ұрлықтарын жасырғысы келген прапорщиктердің жасаған ісі болса таң қалмаспын”, – деді осы орайда кәсіпкер. 

Тағы оқыңыз:

Даниал Ахметов: “Көпбалалы отбасыларға арналған 231 үй сатып алдық”

Шымкенттіктер Арыс тұрғындарына жаппай көмек көрсетуде (видео)