Back

Шымкенттіктер Арыс тұрғындарына жаппай көмек көрсетуде (видео)

«Қалада тұрғанның пейілі тарылып кетеді» деген сөздің бос әңгіме екені осындайда көрінді. Мегаполис тұрғындары қалаға кірер жолда жарылыстан қашқандарға ауызсу таратып, үрейлі жұртты сабырға шақырды.

Дәл қазір Шымкент  қаласының тұрғындары Арыстағы жарылыстан зардап шеккен халыққа жаппай көмек көрсетіп жатыр деп хабарлайды Қазақпарат. 

Шымкент қаласының орталық мешіті қазіргі уақытта Арыстан эвакуацияланған халықты қабылдауда. Жарылыс кезінде қорыққаннан қашып келген немесе балабақшадағы кішкентайларды осы жерге жайғастырып жатыр. Ата-анасының аты -жөні анықталып, алып кетушілердің фотолары мен видеолары жинақталуда. 

Қазіргі уақытта  көмек көрсетуге әкелінген адамдар саны 500-ден асқан. Мешіт имамының айтуынша, жеткізілгендер мешіттің медресесі мен жатақханасына орналастырылуда.

Арыс тұрғындарына көмектесуге Шымкент қаласының тұрғындары су, азық-түлік жеткізіп, барынша қолдау көрсетуде.

Орталық мешіт қызметкерлері келушілердің осы жерде қанша уақыт күнелтетіні белгісіз дейді. Сол себептен, жомарт жандар әлі де қол ұшын созуына болады.

Кішкентайларға арналған заттар ең бірінші кезекте.

Бұған дейін Арыс қаласындағы әскери бөлімнің қоймасында жарылыс болғандығы туралы хабарланған еді. 

Ал ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев тиісті органдарға Арыстағы әскери бөлімдегі оқ-дәрі қоймасында болған жарылыстың зардаптарын жою туралы тапсырма берді.

 

 

Тағы оқыңыз:

Арыстағы апат: Ордабасыда медициналық штаб құрылды