Back

Арыстағы апат: үш адам ауыр халде жатыр

Ауруханаға он шақты адам жеткізілген, олардың үшеуі ауыр халде жатыр.

Шымкенттегі бірінші қалалық ауруханаға Арыстағы жарылыстан зардап шеккендер жеткізіле бастады.

Аурухананың бас дәрігері Абылай Бонбай үш адамның қазір ауыр хәлде жатқанын хабарлады. Барлығы он шақты адам ауруханаға түскен, деп хабарлайды otyrar.kz.

“Зардап шеккендер жеткізіле бастады, оларды қабылдап, қажетті көмектің бәрін көрсетіп жатырмыз”, – деді Бонбай.

Айта кетсек, Арыстағы төтенше жағдайларға байланысты Ордабасы ауданында дәрігерлік штаб құрылған. Оны Түркістан облысының денсаулық сақтау басқармасының бастығы Мұқан Егізбаев басқарады.

Жедел жұмыстар жүргізілуде. Арысқа 30 жедел жәрдем жіберілді. Қажет болған жағдайда бірнеше ауданнан қосымша жедел жәрдем көліктері дайындалады, деп хабарлады өңірлік сайт.