Back

Арыстағы апат: Ордабасыда медициналық штаб құрылды

Арыстағы төтенше жағдайға байланысты Ордабасы ауданында медициналық штаб құрылды.

Түркістан облысы денсаулық сақтау басқармасының басқаруымен шұғыл жұмыстар жүргізіліп жатыр. Ордабасы аудандық орталық ауруханасынан және Облыстық клиникалық ауруханасында 200 – ден астам науқасқа арналған орын дайындалды.

30 жедел жәрдем көліктерін Шымкент қаласына кірер 3 жолға қойылды.

Тағы да қажет болған жағдайда бірнеше аудандардан алдырылған қосымша жедел жәрдем көліктері дайын. Облыстық клиникалық ауруханадан травматолог, хирург, реаниматолог дәрігерлер құрылған медициналық штабқа жиналды.

Қазіргі кезде жарақат алғандар жоқ. Эвакуация жұмыстары жүргізіліп жатыр. Арыс қалалық орталық ауруханасы мен емханасынан науқастар эвакуация жасалды.

Айта кетелік кетейік, бүгін, 24 маусым күні таңғы сағат 09:20-да Арыста орналасқан әскери бөлімшедегі қоймада жарылыс болды. Жарылыс қала тұрғындарын дүрліктіріп, зәресі ұшқан тұрғындар жаппай қаладан кете бастады.

Өз кезегінде абдыраған Арыс тұрғындары оқиға орнынан редакциямызға жаңа видеолар жолдауда. 

 

Тағы оқыңыз: 

“Халықты эвакуациялаймыз”. Шөкеев Арыстағы апатқа қатысты мәлімдеме жасады