Back

“Халықты эвакуациялаймыз”. Шөкеев Арыстағы апатқа қатысты мәлімдеме жасады

Бүгін 24 маусым сағат 09:20-да өрт сөндіру қызметіне Арыс қаласындағы №44856 әскери бөлімнің қоймасында жарылыс болып, өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті.

Қазіргі кезде облыс әкімі Ө.Шөкеевтің басшылығымен шұғыл топ құрылып, Арыс қаласына барып тиісті жұмыстарды жүргізуде.

Оқиға орнына облыстық ТЖД жеке құрамының 52 адамы мен 12 техникасы жұмылдырылды. Сондай-ақ Шымкенттегі кинологиялық қызметтің 23 адамы аттандырылды. Қазіргі таңда оқиға орнында өрт сөндіру мен эвакуациялық шаралар атқарылуда.

Төтенше жағдайдан зардап шеккендер туралы ақпарат анықталуда. Қосымша xабарланатын болады.

Өз кезегінде облыс әкімі Шөкеев Арыстағы апатқа қатысты мәлімдеме жасап, қала халқының қауіпсіз жерге көшірілетінін хабарлады.

 

Өз кезегінде Арыс тұрғындары әлеуметтік желілерде жаңа видеоматериалдар жүктеуде.