Back

Мұхамедиұлының балалары қазақ мектебін бітірген

Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы қызметінен кетті. Саясаткер Мұхтар Тайжан аталған министрлікті 5 жыл бойына басқарған Мұхамедиұлына әлеуметтік желілерде халықпен қойын-қолтық араласатын, ең ашық министр деп баға берді.

“Айтарым, Арыстанбек Мұхамедиұлымен біз соңғы жылда жақын дос болып кеттік. Үйінде болдым, жеңгейді, балларын көрдім, өте қапарайым, өте қазақи жанұя.

Басқа министрлердің балалары ағылшын немесе орыс мектебін бітірсе, Арекеңнің балалары қазақ мектебін бітірген екен.

Қазақылығы үшін шығар бұл кісіні орыстілділер жақтырмайды.

Әлеуметтік желілерде де бұл кісі ең ашық министр болды деп айтсам, артық болмас. Жұбанов мектебін, Ұлттық консерваториясын бітірген кәсіби музыкант.

Қазақстанда “Домбыра күні” ұйымдастырған адам осы Арыстанбек Мұхамедиұлы еді. Қазақ тариxын мен әдебиетін жатқа білетін кісі.

Жұмыс жағынан не деуге болады? Кино, музыка, спорт, туризм салалар соңғы жылдарда қалай дамып кеткеніне баға бермей-ақ қояйын. Ал дәретxана деген проблеманы Мемлекеттік бағдарламаға биыл ғана енгізген осы кісі болатын.

Қазір айтуға болады, маған қызмет ешқашан ұсынған жоқ, мен де сұраған емеспін. Бізді біріккен адами қарапайымдылық, қазақылық, қазақ тариxы және әдебиет”, – дейді Мұхтар Тайжан.