Back

Биыл Павлодарда жаңа мұз айдыны пайдалануға беріледі

Мұндағы мақсат бұқаралық спортты дамыту. Павлодар солтүстік өңір. Аймақта қысқы спорт түрлеріне қызығатын қауым көп.

Осы орайда «Спорт-Сити» жобасының шеңберінде бір ауысымда 50 адамға дейін жаттыға алатын мұзайдынның құрылысы жүріп жатыр.

 Мұзайдынның жанында жабық футбол алаңы мен жеңіл атлетика манежі және олипиадалық резервті даярлау орталығы бой көтереді.

Павлодар обысының дене тәрбиесі, туризм және спорт басқармасының бас маманы Айнұр Қоспақованың айтуынша, мұзайдынында кәсіби спортшылармен қатар, коньки спортының әуесқойлары да сырғанай алады.

Спорт нысанының құрылысын «ТОИР» ЖШС жүргізуде.

Бүгінгі таңда мердігер құрылыс-монтаждау жұмыстарын 80 пайызға орындаған.

– Қазіргі кезде мұзайдыны орналасатын ғимарат толықтай салынып болды, –  деді мердігер ұйымның директорының орынбасары Әлімжан Исмаилов. – Енді оның ішіндегі әрлеу жұмыстарын жүргізіп жатырмыз.

Мұзайдынына табиғи мұз пайдаланылады.

 Қазір біз мұз түзеу жабдықтарын құрастырудамыз. Шатыр астындағы футбол манежінің құрылысына келетін болсақ, жобаның жалпы құны 1,5 миллиард теңгеге жуық соманы құрайды.

 Бір миллиардтан астам қаражат нысанның құрылысына жұмсалса, қалған сомаға трибуналар, жасанды шөп жабындысы және өзге де жабдықтар сатып алынады.

Футбол манежінің құрылысын «Taraz Qurylys Invest» ЖШС жүргізіп жатыр. Қазіргі кезде құрылыс компаниясы манеждің қазаншұңқырын қазып, фундамент торын дәнекерлеу және іргетас блоктарын орнатумен айналысып жатыр.

Спорт нысандары құрылысының бас жоспарына сәйкес «Спорт-Сити» аумағында мүгедектерге арналған жаттығу алаңы, велодром, волейбол және баскетбол алаңдары орналасатын болады.

DCIM100MEDIADJI_0015.JPG