Back

Қосанов? Әлдекім қалт кетсе, оған жабыла жөнелгенді қою керек

Әміржан Қосанов біздің сенімді сатып кетті дегеннен бастайық. Айналайыным-ау, кімге сатты, қалай сатты? Сатса, онысы үшін нендей нәфәқа алыпты?

Саясаттанушы Расұл Жұмалы сайлаудаң соң сынға ұшыраған Әміржан Қосанов ара түсті. Оның айтуынша қоғамның бір жұдырыққа жұмылуына дәл осы Қосанов себепші болған. Жұмалы ойын былайша өрбіткен екен: 

Ашу келсе, ақыл кетер деген. Әрине сайлаудан кейінгі елдің өкпесі мен реніші, ызасы мен наразылығы толық негізді. Оған еш дау жоқ. Және мәселе тек сайлау қорытындыларында ғана емес, Қазақ қоғамында талай жылдан бері шешілмей келе жатқан былықтарда жатыр.

Бірақ өзіміз өзімізге “не болды” және “бұдан кейін не болмақ” деген сұраққа жауап берейікші. Әлдекім қалт кетсе, оны жабылып тепкінің астына алатын жаман әдеттен арылу керек. 

Тек менің ойымша Әміржан Қосанов қалт кеткен жоқ. Неліктен дейсіз ғой?

Алдымен көптеген азаматтар Әміржан Қосанов біздің сенімді сатып кетті дегеннен бастайық. Айналайыным-ау, кімге сатты, қалай сатты? Сатса, онысы үшін нендей нәфәқа алыпты?

Мен білетін Әміржан мырза, бұл додадан кейін ысылып-қайраттанғаны болмаса, сол баяғы адал да қарапайым, халқым деп зарлаған Әміржан. Бір ай ұйқы көрмей қалжырағаннан, көптеген серіктерінің соққысынан қынжылыстан, төсек тартып жатқан анасынаның жанынан табыла алмай сары уайымнан басқа не көрді осы күндері? 

Сайлау нәтижесін экзитполдан соң мойындап қойды деп кінә тағады біреу. Сонда ресми нәтижеден кейін мойындаса, басқаша болар ма еді?

Ал сайлаушылардың дауысы ұрланса, оған кінәлілер ішінде Әміржанды ең соңғы орында атар едім.

Өйткені ондай қылмысқа барған ол емес, бақылаушыларды шектеген ол емес, сайлауға қатыспа деп үгіттеген қайта ол емес. Олай болса, халықты көшеге неге шақырмады дейді кей ағайын. Ал шақырды делік. Ол үндеуге қаншаңыз сөз емес, іс жүзінде атсалысар едіңіз?

Билік те оп-оңай мойын ұсынады деп кім айтты? Ал енді іс насырға шапса, жауапкершілікті мойынына қайсыңыз алар едіңіз? Сондықтан Әбекеңнің осы реттегі ұстамдылығын өз басым әлсіздікке иә арзанқолды саясаткерлікке емес, толысқан, болашақты ойлайтын кемеңгерлікке балаймын. 

Әміржанға әркімнің көзқарасы әрқилы болуы мүмкін. Алайда біреуге ұнасын-ұнамасын соңғы жиырма жылда Қазақтың басын біріктірген, оппозицияны заңдастырған Әміржан факторы болды.

Әйтпесе басқа жол сілтеушілер болса, қайда қалды шешуші сәтте? Ең болмаса осыны мойындасақ нетті. Енді барып осы ұпайды еншілеп артыру орнына қайта қақ жарылып отырған түріміз. Өкінішті.