Cоңғы жаңалықтар
Back

ҚазҰУ-дың толағай жеңісі

Әл-Фараби  атындағы ҚазҰУ Х жазғы мерейтойлық Универсиада – 2019 чемпионы атанды.

Дәстүрлі түрде өтіп келе жатқан  жарыста спортшыларымыз бес мауысым бойы жеңімпазы атануда. Осылайша университет еліміздің студенттік спортының мызғымас көшбасшысына айналды.

2015 жылы Оңтүстік Кореяда өткен Бүкіләлемдік жазғы Универсиадада 6 алтынның 5-еуін еншіледі. 2016 жылы Рио-де-Жанейрода өткен Олимпиада ойындары Қазақстан қоржынына алтын, күміс және қола медаль әкелді. 2017 жылы Тайбэде спортшылар алтын, 2 күміс және қола, 2018 жылы Джакартада (Индонезия) – 2 күміс және 3 қола медаль жеңіп алды.

Ақтөбеде 3 сәуірде бастау алып  10 маусымда аяқталған қазіргі спорттық сайыстарға қатысушылар тамаша нәтижелер көрсетті. Жалпы командалық есепте олар Қазақстанның 60 жоғары оқу орнын ұсынған қарсыластарын басып озып, алға шықты.

ҚазҰУ студенттері жалпы 37 спорт түрінен 30 спорт түріне қатысты. Бүгінде ЖОО қоржынында 14 алтын, 9 күміс және 5 қола медаль бар.

3-14 шілде аралығында біздің спортшылар әлемнің 170 елінен келген спортшыларды жинайтын Неапольдегі Дүниежүзілік ХХХ жазғы Универсиадаға қатысады. Бағдарламаға он сегіз жазғы спорт түрі енгізілген.