Back

Қ.Тоқаев: «Шеру кезінде кездейсоқ ұсталғандар босатылады»

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter желісіндегі парақшасында Нұр-Сұлтан мен Алматыдағы шеруде ұсталғандар туралы өз ойын ортаға салды.

Мемлекет басшысы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында «Бас прокурорға азаматтардың заңды құқықтарын қамтамасыз етуді, ұсталғандардың нақты саны мен кінәсінің деңгейін анықтауды тапсырдым. Кінәсіз азаматтар мен оқиға орнында кездейсоқ болғандарды босату қажет» деп жазған.

Мұның алдында 10 маусымда митинг кезінде 200 адамның полицияға жеткізілгені хабарланған болатын. «Митингінің бірінші күні екі қалада 500 адам ұсталып, олардың 400-не айыппұл салынды. Екінші күні шамамен 200 адам полицияға жеткізілді, олардың 150-і жауапкершілікке тартылды. Бұл екі қала бойынша» деген еді ІІМ ресми өкілі Нұрділдә Ораз.