Back

Шығыста археологиялық сенсация табылды

9 маусымда, белгілі қазақстандық археолог Зейнолла Самашев облыс әкімі Д. Ахметовты Ұлан ауданы Бестерек ауылынан солтүстікке қарай 3 шақырым жерде орналасқан Ақбауыр тауындағы археологиялық ескерткіштерден табылған кезекті сенсациялық жаңалықпен таныстырды.  

Бұл жерде жартас суреттері мен петроглифтері бар алаптарымен атақты Ақбауыр шатқалының бірегей табиғи ландшафтары аясында Зейнолла Самашев соңғы қола дәуіріндегі және ерте темір дәуіріндегі қоныс іздерін тапты.

Соңғы факт ерекше қызығушылық тудырады, өйткені Қазақстан аумағындағы сақтардың отырықшы қоныстары өте аз зерттелген, ал елдің шығысында бұл алғаш рет ашылып отыр.

Бұл жағдай ежелгі сақ халықтарының экономикасы мен қоғамдық құрылымын жаңаша зерделеу тәсілдерін ашады, өйткені Дала кеңістігінің ертедегі көшпенділерінің тек көшпенді салт-ғұрпы жайындағы пікір әрдайым басым болатын.

Атауы Ақбауыр-1 аталған елді мекеніндегі көп мөлшерде дәнүккіштер, керамикалар, қайрақ тастар, жылқы, қой, ешкі сүйектері көп мөлшерде табылды. Бұл осы жерді мекендеген адамдар шаруашылығының кешенді сипатын айқын дәлелдейді.

Жұмыс жетекшісі, профессор Зейнолла Самашев атқандай, бұл қоныстың шамамен уақыты б.з.д. XI – IX ғғ. С. Аманжолов атындағы ШҚМУ студенттері мен оқытушыларының белсенді қатысуымен мыңнан астам керамика сынықтарының фрагменттері мен басқа да материалдар камералдық жағдайда өңделеді.

Барлық артефактілер облыстық этнографиялық мұражай қорына беріледі.