Back

Cайлау қорытындысы шықты: кімнің жеңіске жеткені анықталды

Орталық сайлау комиссиясы кезектен тыс президент сайлауының алдын ала қорытындысын жариялады.

Сонымен, Nur Otan партиясы атынан сайлауға түскен Қасым-Жомарт Тоқаев 70,76% дауыс жинап, жеңіске жетті.

Орталық сайлау комиссиясының мәлімдеуінше, 9 маусымда өткен президент сайлауында Әміржан Қосанов – 16,2%, Дания Еспаева – 5,2%, Төлеутай Рақымбеков – 3,2%,  Амангелді Таспихов – 2,7%, Жамбыл Ахметбеков – 1,82%, Сәдібек Түгел – 0,92% дауыс жинады.

Айта кетсек, Орталық сайлау комиссиясы сайлаудың соңғы қорытындысын 17 маусымға дейін жариялайды.

Орталық сайлау комиссиясы сайлаушылардың дауыс беруге келуінің алдын ала қорытындысын жариялады. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың сайлау комиссиялары ұсынған мәліметіне сәйкес, сайлаушылардың 77,4 проценті дауыс берген.

Дауыс беруге келген сайлаушылар саны жағынан өңірлер арасында Алматы облысы – 89%, Ақтөбе облысы – 84,9%, Шығыс Қазақстан облысы – 84,9% көш бастады.

Айта кетсек, 2015 жылы өткен президент сайлауында өз таңдауын сайлаушылардың 95,22%-і жасаған.

Origin: sputniknews.kz