Back

Дәурен Абаев: «Қазақстан журналистикасы әлемдік деңгейге шықты»

Алматыда өткен XVI Еуразиялық медиафорумының кулуарында Қазақстанның ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев Қазақстан журналистикасының деңгейі туралы пікір білдірді.

“Мен мас-медианы қазақстандық, шетелдік деп бөлмеймін. Иә, барлық БАҚ-қа тән кемшіліктер бар. Бірақ қазақстандық журналистика әлемдік деңгейге жеткенін атап өту керек”, – деп мәлімдеді Абаев.

Ақпарат министрі дәстүрлі журналистиканың әлеуметтік желілермен бәсекелесуі тақырыбына тоқталды. Оның айтуынша, бұқаралық ақпарат құралдары беделді және халықтың сеніміне ие болуы тиіс.

“Бүкіл әлем әлеуметтік желілерде жазылған ақпараттан гөрі кәсіби журналистикаға көбірек сенеді. Журналистердің әлеуметтік желі қолданушыларынан айырмашылығы ақпаратты жариялаудан бұрын тексереді”, – деп қосты Абаев.

Министр қазақстандық журналистика қоғамға сенімді дереккөздерден расталған ақпарат тарататынына сенімді.