Back

Роза Әлқожа: «Менде ес жоқ екен-ау!»

Белгілі әнші Роза Әлқожа халықты имандылыққа шақырып, ақыл айтты. Сонымен қатар әнші өзінің басындағы орамалын әсте тастамайтынын алға тартты, – деп хабарлайды stan.kz  сайты.   

Әнші әлеуметтік желідегі парақшасында қырық жасқа келгенде орамалымды тастамайтынын тілге тиек етті.  Тіпті ол Жаратушының парызын киетін уақытына дейін өзіміз шешіп қойғанын айтып налыды. Роза Әлқожа халыққа өмір туралы сұрақ қойып, имандылыққа шақырды.

– «Қырық жасқа келгенде орамалды мүлде тастамай тағамын» деген сөзіме қазір күлкім келеді. Екі жарым жыл қалды ғой. Бірақ, Алла парыз еткен дүниені саудаға салып жүрген менде ес жоқ екен-ау! Біз қайдан келгенімізді, қайда баратынымызды жиі ұмытып қаламыз. Құрсақтан құрлыққа жеткеніміз кімнің арқасы? Алшаңдай басып, асықпай сөйлейтініміз ше? Желпіп өткен жел емес, уақыт! Ал, біз құрлықтан қабірге барар жолда не бітірдік? Қызыл-жасылға арбалған көзді қайттік?! Ғайбаты көп, әйбаты аз сөзді қайттік?! – дейді әнші.

Адамның емес, Алланың айтқаны болатынына көзі жеткен әнші о дүниенің бар екенін жұрттың есіне салды. Роза Әлқожа халықтың жер бетінің уақытша тұрғыны екенін де айтты.

Пікірлер

пікір