Back

Ким Чен Ынның ағасын өлтірді деп айыпталған әйел бостандыққа шыққан

Биыл сәуір айында Солтүстік Корея лидері Ким Чен Ынның ағасы Ким Чен Намды өлтірді деп сотталған 28 жастағы Вьетнам азаматы Доан Тхи Хыонг бостандыққа шықты деп хабарлайды Time журналы адвокатына сілтеме жасап.

Ким Чен Нам 2017 жылдың ақпан айында Куала-Лумпур әуежайында өлтірілді. Оның бетіне белгісіз біреулер уланған шүберек жапқан. Оны өлтірді деп вьетнамдық Доан Тхи Хыонг мен индонезиялық Сити Айсиа тұтқындалған. Олардың қорғаушылары қыздар реалити-шоуға қатысып жатырмыз деп алданған дейді.

1 сәуірде Доан Тхи Хыонг үш жарым жылға түрме жазасына кесілген. Бірақ ол жазасының үштен екісін өтеп, кешірім сұрап, мерзімінен бұрын бостандыққа шыққан. Сити Айсиа болса наурыз айында босап шыққан.

Солтүстік Кореяның лидері болған Ким Чен Ирдің үлкен ұлы Ким Чен Нам тақ мұрагері ретінде қарастырылған. Бірақ ол шетелге кетіп, сонда тұрған. Әкесінің өлімінен кейін таққа оның інісі Ким Чен Ын отырды. Нам үнемі Пхеньян саясатын сынап келген. Оңтүстік Корея барлау қызметі оның өлімінің артында Солтүстік Кореяның тыңшылары тұрғанын айтады.