Back

Ағайынбыз бәріміз…

«Балдырған» бөбектер бақшасында 1 – мамыр Қазақстан халықтар бірлігі күні мерекесіне орай тәрбиеленушілермен тәрбие сағаты ұйымдастырылды.

Тәрбие сағаты Қазақстан Республикасының әнұранымен басталды. Отан – әр адамның жүрегіне жылы тиер қасиетті сөз. Адам жүрексіз өмір сүре алмайды. Отан – біздің туған жеріміз, өзіміздің туған-туысқанымыз, дос-жаранымыз бен тұратын еліміз. Осы ұғым тәрбиеленушілердің Отан, бірлік, ынтымақтастық туралы түсініктерін кеңейтті.

Қазақстан көп ұлтты мемлекет. Олар өз елдерінде болмасада, қазақтардың елін – елім деп, жерін – жерім деп, құрметтеп, үлкен үлгілі, бақытты, өнегелі отбасы болып өмір сүруде.

Әлем халықтарының тату-тәтті бейбітшілікте, ынтымақтастықта өмір сүріп отырғаны біздің қазақ елінің арқасы және олар мұны түсініп, жақсы біледі. Сол себепті біздің елімізді қадір тұтып, құрметтейді. Көк аспан астында татулығымыз мәңгілік болсын.

 

Жанбота Ермекова, Павлодар облысы, Май ауданы, Май ауылы,                                                         “Балдырған” бөбектер бақшасының тәрбиешісі

Пікірлер

пікір