Back

Ұстаз атындағы сандық кабинет ашылды

Сарсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінде Жүрсінғали Ахмеровтың сандық гуманитарлық ғылымдар кабинетінің ашылуына байланысты маңызды іс-шара болып өтті.

Шараға ҚР Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев, ШҚМУ ректоры Мұхтар Төлеген, университет оқытушылары мен студенттері, Ахмеровтар отбасы мүшелері мен қоғам өкілдері қатысты.

Тарих, филология және халықаралық қатынастар факультетінде дөңгелек үстел ұйымдастырылып, онда «Ғибратты ғұмыр» атты кітаптың тұсаукесері өтті. Онда Жүрсінғали Жампейісұлы туралы достары, әріптестері, отбасымен шәкірттерінің естеліктері, сондай-ақ мұрағаттық құжаттар мен фотоматериалдары келтірілген.

Ол университетте 39 жыл жұмыс атқарып, Қазақстан тарихы кафедрасының ассистентінен аға оқытушысына дейінгі қызметтік жолды өткені белгілі. Жоғарыда айтылғандай, әріптестері Жүрсінғали Ахмеровты еске түсіре отырып, оның ғылыми-педагогикалық қызметінің сұранысқа ие болғанын, ал студенттер оның дәрістерін аса ықыласпен тыңдап, семинарларға үлкен ынтамен қатысқандықтарын атап өтті.

Жүрсінғали Ахмеров тамаша сөз шебері, әрі ұйымдастырушы болған, жастарман үлкен тәрбие жұмыстарын өткізіп тұрған. Әріптестерінің пікірінше, оның өзіне деген талабы жоғары болған, ғылыми біліктілік деңгейін үнемі көтеріп, оқылатын пәндерді оқыту әдістерін үнемі жетілдіріп отырған.

Шараның құрметті қонағы, ҚР Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев қазіргі заманға сай сандық кабинеттің ашылуы тек Ахмеровтың еңбегіне деген ықыластың белгісі ғана емес, ең алдымен, бұл университет пен тәуелсіз Қазақстанның ғылымының дамуына елеулі үлес қосқан тұлғалар есімін тарихта сақтау жәнеұрпақтар сабақтастығын қалыптастыру болып табылатынын атап өтті.

Университеттің мұражайын аралау барысында кездесуге қатысушылар Ұлы даланың бай мәдени мұрасын бейнелейтін археологиялық тарихи ескерткіштердің бірегей экспозицияларымен, сондай-ақ ШҚМУ қалыптасуының негізгі кезеңдері, жетістіктеріжәне даму перспективаларымен танысты.

«ҚмД» ақпарат

Пікірлер

пікір