Back

Жетісайлық диқандар 77 мың гектардан астам жерге егін салды

Түркістан облысы Жетісай ауданында көктемгі дала жұмыстары қарқын алды. Бүгіннің өзінде ауданда 40 мың 310 гектар жер тырмаланған. Енді бірер күнде мақта егу жұмыстары басталады. Болжам бойынша, биыл жетісайлық диқандар 45 мың гектар жерге ақ алтын дән себуді жоспарлап отыр.

Сондай-ақ,  аудандағы ерте егілген көкөніс көлемі 1417 гектарға жетіп отыр. Оның 1022 гектары қырыққабат, 13,5 гектары пияз, 2 гектары сарымсақ, 1,5 гектары қызылша, 98 гектары баклажан, 91 гектары балгар бұрышы, 105 гектары қызанақ, 84 гектары қияр, 33 гекетары картоп. Бұдан бөлек, ауданда 2446 гектарға жаңа жоңышқа, 4,5 гектар жерге жүзім егілген. Сондай-ақ, ерте егілген пленкалы қауын көлемі 8 мың 400 гектарға, ал қарбыз 3670 гектарға жетіп отыр.

Көктемгі дала жұмыстарын қарқынды жүргізуде Жылысу ауыл округі алда келеді. Мұнда бүгінде жалпы егілген егіс көлемі 9680 гектарды құрайды.  Ал, Мақталы ауыл округінің диқандары 8385 гектар аумаққа егін ексе,  алғашқы үштікті   8393 гектармен Атамекент ауыл округінің шаруалары аяқтады. Айта кетейік, жалпы Жетісай ауданында биыл 77 мың 274 гектар жерге егін егілетін болады.

 

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Пікірлер

пікір