Back

Дариға Назарбаева: “Сайлауға түсу? Бұған кез-келген адамның құқы бар”

Дариға Назарбаева өзінің президент сайлауына түспейтіні туралы БАҚ-та тарап кеткен ақпаратқа байланысты түсінік берді.

Баспасөзде Сенат спикері Дариға Назарбаева Президент сайлауына қатысуды жоспарлап отырған жоқ деген шындыққа сай келмейтін ақпарат тарап кетті.

– Конституция, заңдарға сай, елдің кез-келген азаматы сайлауға түсе алады. Ал кандидаттарды ұсыну туралы шешімді саяси партиялар қабылдайды, – деді Дариға Назарбаева тарап кеткен әлгі ақпаратқа байланысты.

Дариғаның сөзінше, сайлау нәтижелері Қазақстан халқының таңдауына байланысты, бәрі тек заң аясында болуы тиіс.

Бірақ Дариға Назарбаева егер партия оның кандидатурасын сайлауға ұсынып жатса, ондай ұсынысты қабыл алатынын, не алмайтынын ашып айтпады.

Пікірлер

пікір