Back

Тоқаев: “Қазақстанда кезектен тыс президенттік сайлау өтеді”

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде кезектен тыс президенттік сайлау өтетінін мәлімдеді. 

Сайлау биылғы жылдың 9-шы маусымында өтеді.

Бұл туралы бүгін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев тікелей эфирде мәлімдеді.

Айта кетелік, елімізде жалпыхалықтық президент сайлауы 5 рет өтті: 1991, 1999, 2005, 2011 және 2015 жылы. Оның басым бөлігі кезектен тыс болды.

Соңғы мерзіміне тыс сайлау 2015 жылдың 26-ші сәуірінде өткен. Ата заңға сәйкес Қазақстан Президенті 5 жылға сайланады.

 

Пікірлер

пікір