Back

ҚазҰУ-да VI Халықаралық Фараби оқулары өтеді

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті сәуір айының 2-12 жұлдызы аралығында VI Халықаралық Фараби оқуларын өткізеді.

2014 жылдан бастап әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті әр түрлі бағыттағы өзекті ғылыми, саяси және әлеуметтік мәселелерді талқылайтын ашық алаң ретінде жылсайынғы Халықаралық Фараби оқуларын өткізу дәстүрге айналған.

VI Халықаралық Фараби оқулары аясында мемлекет пен тұлғаны, қоғамды дамытудағы мәселелерді шешу үшін шетелдік және қазақстандық ғалымдардың күш-жігерін біріктіруге бағытталған ірі халықаралық ғылыми іс-шаралар өтеді.

Фараби оқуларына Қазақстан университеттері мен жақын және алыс шет елдердің ғылыми мекемелерінің ғалымдары, оқытушылары мен студенттері қатысады.

Фараби оқулары шеңберінде келесі іс-шаралар:

  • 2-3 сәуірінде «Әл-Фараби және қазіргі заман» VI Халықаралық Фараби форумы;
  • 3-12 сәуір аралығында факультеттердің халықаралық ғылыми конференциясы;
  • 8-11 сәуір аралығында «Фараби әлемі» студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық ғылыми конференциясы өтеді.

Ғылыми-техникалық іс-шаралар Огайо Университетінің (АҚШ), Хамад Бин Халифа университеті Исламдық зерттеулер колледжінің (Катар), Эксетер университетінің гуманистік биоархеология орталығының (Ұлыбритания), Франкофония халықаралық агенттігінің (Румыния), Пусан университетінің (Оңтүстік Корея), Каир университетінің (Египет), Челябі мемлекеттік тарихи-мәдени “Аркаим” қорығы мен РҒА философия институтының (Ресей) және т.б. ғалымдарының қатысуымен өтеді.

Өтетін орындары: Әл-Фараби ғылыми кітапханасы. Шығыстану факультеті. Философия және политология факультеті. Халықаралық қатынастар факультеті. Медицина және денсаулық сақтау факультеті. Экономика және бизнес жоғары мектебі. Ө.А. Жолдасбеков атындағы студенттер сарайы.

Пікірлер

пікір