Back

Талғардағы той: Наурызда көп балалы аналарға сыйлық жасалды

21 наурыз күні  Алматы облысы, Талғар ауданы Өстемір ауылында “Қызай ана” қоғамдық қоры өз дәстүрі бойынша жылдағыдай Наурыз мерекесін өткізді.

Мерекелік шараға ауыл адамдары, зиялы қауым өкілдері, алыс-жақыннан келген қонақтар мен Қызай ана ұрпақтары қатынасты. Ақ жаулықты аналар шашу шашқаннан кейін, мерекелік шара Қаражорға биімен басталды. Ақсақалдар бата беріп, ауыл, аудан әкімдері мен қор мүшелері, зиялы қауым өкілдері халықты Наурыз мерекесімен құттықтап, ақ жарма тілектерін жаудырды.

«Қызай ана» қоғамдық қорының төрағасы Нәбижан Мұқаметханұлы Қордың мақсаты Елбасының Ауыл бағдарламасын қолдау ретінде осы Өстемір ауылының әлеуметтік-мәдени дамуына үлес қосу. Ауыл халқына және келген қонақтарға мерекелік көңіл күй сыйлау екенін айтып, шараға атсалысқан барша азаматтарға алғысын білдірді және қорды қолдауға шақырды.

 

 

2011 жылы «Қызай ана» қоры құрылғаннан бері Өстемір ауылында Наурыз мерекесін өткізіп келеді. Қордың дәстүрі бойынша жыл сайын Наурыз меркесін өткізу жауапкершілігін бір немесе бірнеше азамат өз мойынына алып, барлық шығындарды өздері көтеріп, мереке кезінде түрлі әлеуметтік шараларды да өткізеді. Биылғы жылғы Наурыз мерекесін өткізу жауапкершілігін белгілі кәсіпкер Нұртай Нұрсапаұлы алған еді.

«Қызай ана» қоғамдық қоры жастарды білім мен ғылымға ынталандыру үшін студенттерге арналған бір реткі стипендияға конкурс жариялаған. ЖОО оқытушылары мен қордың басшыларынан құралған қазылар алқасы келіп түскен өтінштерді қарап, оқу үлгерімі жақсы, отбасында қиыншылығы бар 20 студентке бір ретке стипендия тағайындаған болатын.  21 наурыздағы Мерекелік шара аясында осы студенттердің де стипендиясы табыс етілді. Қор атынан тағайындалған бұл стипендияның қаржысын да биылғы Наурыз мерекесін өткізген азамат шығарды.

«Қызай ана» қоғамдық қоры жыл сайын Наруыз мерекесінде студенттерге стипендия тағайындап келеді. Жылда 5 студентке стипендия тағайындаса, биылғы жылды жастар жылы деп белгілеуіне байланысты стипендия иегерлерінің санын 20-ға көбейтті. Сонымен бірге, биыл көп балалы аналарға да көмек жасалды. Өстемір, Туғанбай, Бәйдібек, Нұра  ауылындағы отбасында қиыншылығы бар, көп балалы 5 анаға қаржылай сыйылық берілді. Бұл көпбалалы аналардың тізімін Талғар аудандық Мәслихатының депутаты Әбдіғани Бәзілханұлы «Қызай ана» қорының басшыларына ұсынған еді.

Бірнеше жылдан бері «Қызай ана» қоғамдық қорының хатшысы Омарәлі Әділбекұлы Талғар ауданы Өстемір ауылы №14 мектептің оқуда озат, отбасында қиыншылығы 5 балаға қаржылай сыйлық беріп келе жатқан, биылғы жылы бұл игі істі қордың құрылтайшыларының бірі Тұсынәлі Тілеуше жалғастырды. Бұл оқушылардың тізімін жылда аталмыш мектептің директоры мен мұғалімдері береді.

ҚР Суретшілер одағының мүшесі Шаттық Батанның ұйымдастыруымен 5- сыныпқа дейінгі мектеп оқушыларына анралған сурет өнерінен мастер-класс және “Наруызым мерекем” атты мектеп оқушылары арасында сурет сызу конкурсы өтіп, жеңімпаздар сертификат және сыйлықтармен марапатталады. Бұл сыйлықтарды белгілі кәсіпкер азамат Ерлан Дәуелтбек Тоққазы әулеті атынан әкеліп, стипендия иегері болған студенттер мен сурет сызу конурсына қатысқан балаларға берді.

“Елмұра” компаниясы ұлттық қолөнер бұйымдары көргізбесін өткізсе, ақ қалпақты аталар мен кимешек киген әжелеріміз ереше сәнімен мерекеге көрік қосты, ұлттық бояуымызды жас ұрпаққа танытқандай болды.

Ауылда мерекеге арнап ақбоз үйлер тігіліп, жилған қуымға наурыз көже беріледі. Дастархан басында Наурызға арнап сойылған малдың кәржілігін келесі жылғы наурызды өткізетін азаматтарға ұстатып, дәстүрлі жауапкершілікті жүктеді. «Қызай ана» қорының атқарушы директоры Базарәлі Әріпұлы биылғы Наурызды өткізген азаматтарға алғысын білдіріп, келесі жылғы наурызды өткізер азаматтарға келесі жылғы наурыздың да мән-мағыналы өтуіне бірге атсалысатындарын жеткізді.  3 сағатқа созылған концерттік бағдарлама аясында белгілі өнер қайраткерлері ән мен күйден шашу шашты.

Мерекелік шара аяасында арқан тарту, қол күрес, кір көтеру сияқты түрлі спорттық жарыстар өтті. Сонымен бірге Жасөспірімдер арасында қазақ күресінен чемпионат өтіп, жеңімпазды «Қоңырбай палуан» атындағы түйе палуан атағымен марапаттап, бағалы сыйлықтар берді.

 

Қоңырбай Байназарұлы биылғы жылғы наурыз мерекесін өткізген атымтай жомарт Нұртай Нұрсапаұлының арғы атасы. Қоңырбай Байназарұлы жаурыны жерге тимеген палуан әрі елі мен жерін қорғаған ер жүрек батыр. 18 ғасырдағы қазақ даласын Жұңғар шапқыншыларынан қорқау жорықтарында Есенгелді бимен бірге Қызай елінің қолын бастап, Абылайдың ақтуының астында хан батыр Қабанбайдың артынан еріп, халқын жаудан қорғаған. Батыр туралы мақалалар алдағы уақтты ақпарат құралдарында жарияланар. Ал бүгінгі мерекелік шараны ұйымдастырған батырдың ұрпағының жомартығы, жасаған игі шаралары, білімді ұрпақтарды марапаттауы бейбіт күндегі батырлық болып табылары анық.

Тұрдыбек ҚҰРМЕТХАН

Дереккөз: Jebeu.kz