Back

Тоқаев: “Бірінші қазақ тілі болуы тиіс”

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ҮШТІЛДІЛІК БАҒДАРЛАМАСЫНА ҚАТЫСТЫ ПІКІРІН БІЛДІРДІ.

Мемлекет басшысы өңір әкімдерінің қатысуымен өткен кеңесте Үкімет мүшелерінің баяндамаларын талқылау барысында білім беру жүйесінің үштілділік бағдарламасын іске асыру мәселелеріне назар аударды.

«Бұл – өте күрделі әрі маңызды мәселе. Менің ұстанымым, біріншіден, қазақ тілі болуға тиіс, орыс тілі болуға тиіс. Бұлардың балаларымыз үшін маңызы зор. Тек содан кейін ғана ағылшын тілін оқыту керек», – деді Қазақстан Президенті. 

Бұл туралы Президенттің баспасөз қызметінің жетекшісі Берік Уәли Facebook желісіндегі парақшасында жазды.