Back

Тілеухан: “Көзіме жас алдым…”

Мәжіліс депутаты Бекболат Тілеухан Нұрсұлтан Назарбаевтың президенттік өкілеттігін тоқтату туралы шешімін естігенде қандай сезімде болғанын айтты.

Депутат бұл жаңалықты теледидардан естіген.

“Көзіме жас алдым. Бұл күннің болатынын білетін едік, бірақ мұндай жеделдікті күткен жоқпын. Тағы да өзінің саяси даналығын көрсетті. 30 жыл ел басқарған кезде алдын ешкімге болжатпай, қандай қадам жасайтынын ешкімге білдіртпей келген осы бір керемет шебер қалпында келіп, шебер қалпында тағын ұсынды ғой”, – деді Тілеухан парламент палаталарының бірлескен отырысында.

Мәжілісмен қимастық сезімі басымырақ екенін ашық айтты.

“Тәуелсіз ел болғанда 25-тегі жас жігіт едік, қазір 53-ке бет алған жігіт ағасы болып қалдық. Осы кезең қазақтың аузынан ақ май аққан ең бір бақытты кезеңінің қалаушысы, өз қолымен тәуелсіздіктің кірпішін қалаған ұлы адамның өз тағын ысырып беруі, сол елдің биігіне қыран сияқты ұшып келіп, сол тақтан одан да жоғары, қыран сияқты шыңға қарай беттеген тұлға үшін мақтаныш сезімі де бар, бірақ қимастық сезімі басымырақ болып отыр”, – деп ағынан жарылды депутат.

Ол президент сайлауы болғанда, Қазақстанды кім басқаратынын халықтың өзі шешетінін атап өтті.

Дереккөз: sputniknews.kz

Пікірлер

пікір