Back

Қазақ үшін ең қорқынышты құбылыс – Қытай болып алды

Алдына Моңғол әскерінің жауыздығын, олардың ешкімді аямайтынын, жас-кәрі, еркек-әйел демей бәрін өлтіретінін, соғыста олардың жауыздығына ешкімнің тең келмейтінін айтып келген тарихшыны Бейбарыс не үшін зынданға тастағандары естеріңізде ме?

– Сен тарихшы емессің! Сен Моңғолдарға сатылып, біздің рухымызды осындай әңгімелермен өшіру үшін келгенсің! Зынданға салыңдар мұны! – деп бұйырады Бейбарыс.

Бүгінгі Қытайдың жауыздығы һәм қас әрекеттерін дәл солай ауыздарынан сулары құрып тұрып медиада айтып жүргендер де дәл сондай сатқындар деп ойлаймын.

Біз қазақтар ешқашан қытайлардан қорықпаған едік. Тіпті, кешегі Тәуелсіздіктен кейін кешегі күнге шейін олардан қорыққан жоқпыз.

Керісінше, Қытайға барған қазақтар ол жақты ойрандап, мына жақта жүрген қытайларды осы жақта ойрандап, берекесін қашырып жүрген жұрт едік.

Жоғарыдағы аталған “сатқындардың” кесірінен, солардың елге келіп, қытайлар туралы мың түрлі рас-өтірігі аралас ертегілерінен кейін бүгін қазақ үшін ең қорқынышты құбылыс – Қытай болып алды.

Соның кесірінен бүгін бәріміз қытай десе, си..п қоярдай күйде отырмыз. Қай жерге кірсең де, “Ойбай, қытай жаулап алады”, “Қытай аямайды”, “Қытай қызыңның аналығын айырып тастайды”, “Олар деген жауыз халық” деген сияқты жылауық қорқаулардың әңгімелері өріп жүр.

Ол жақтағы қазақтардың қиын жағдайда отырғанын жоққа шығармаймын. Бірақ, жаудың қолында отырған қандасқа көмек берудің гуманды жолдарын ұсынудың орнына, әр сұқбаттарында қытайдың жауыздығы туралы айтатындардың қазаққа жаны ашып отыр деп ойламаймын.

Керісінше, сол арқылы олардың өздері біздің қытайлардың астына жығып береді түбінде. Жығыламыз. Неге? Өйткені, рухы сынғандар үнемі жығылады.

Демек, қазір бірінші кезекте сол идеологиялық сатқындарды жазалау керек.

Садық Шерімбек,

Фейсбук парақшасынан

 

Пікірлер

пікір