Back

Павлодар облысында 52 мың адамның айлығы өседі

Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов өңір тұрғындарының әл-ауқатын арттыруда ауқымды істер атқарылатынын айтты. 

“Халықтың түтіні түзу болуы үшін әлеуметтік инвестициялардың көлемін арттырған маңызды. Осы мақсатта Ұлттық қор мен бюджеттен 2 трлн теңге бөлінетінін білесіздер. Бұл қаражат халықтың мұң-мұхтажы мен мәселелерін шешуге бағытталады”, – деді Бақауов. 

Айтуынша биылғы жылдың 1 шілдесінен бастап 52 мың павлодарлықтың айлығы 30 пайызға пайызға өседі. 

“Олардың барлығы жалақысы төмен салада жұмыс істейді. Бұл мақсатқа биыл 6 млрд, келер жылы 12 млрд теңге бөлетін боламыз”, – деді Бақауов. 

Бұдан бөлек өңірдегі 2,5 мыңнан аса аз жалақы алатын бюджет қызметкерінің айлығы 25 пайызы өсетін болады.

 

 

Пікірлер

пікір