Back

Кәсіпкер: «Баспанаға мұқтаж бір отбасына пәтер сыйлаймын»

Қаржы компаниясының басшысы, бизнесмен Жандар Садықов көмекке мұқтаж отбасыға пәтер сыйлайтынын мәлімдеді, деп хабарлады Жас Қазақ газеті.

Жандар Садықов желіде жәрдемге мұқтаж отбасылардың бірін баспана сыйламақ ниетін білдірді.

– Астанадағы 5 баланың өлімі бәрімізді есеңгіретіп тастады. Көпшілік бұған мемлекетті кінәлап жатыр. Бірақ, бәрі өткен күннің еншісінде. Біреуді кінәлағаннан пайда жоқ. Елімізде көпбалалы отбасылар, басында баспанасы жоқ отбасылар көп. Сондықтан елімнің патриоты ретінде мен өз қаражатымнан бір бөлмелі пәтерді көмекке мұқтаж отбасыға сыйлағым келеді. Баспанаға зәру отбасылар cashlombard мекен-жайына өздері жайлы ақпарат жазып қалдырсын. Еліміздің өзге де бизнесмендеріне бей-жай қалмауға, көмек қолын созуға шақырамын, – деді бизнесмен.

Пікірлер

пікір