Back

7 баланың анасы Жазира Тұрғынова үйлі болды

Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев күні кеше ғана елордада Президенттің алдында ақтарыла сөйлеп, ел разылығына бөленген батыр ана Жазира Тұрғыноваға 4 бөлмелі пәтер кілтін табыс етті. 

Бұл туралы облыстың Ішкі саясат басқармасының басшысы Бейсен Тәжібаев әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. 

На данном изображении может находиться: 8 человек, люди сидят и в помещении

“Елбасының алдында ақтарыла сөйлеп, ел разылығына бөленген Батыр ананың өмірі жақсылыққа күрт өзгерді деген осы шығар. Ал Астанадан – Шымкентке поезбен шыққан Жазира, сол сәттен бастап атының шартарапты шарлап кетерін де білген жоқ.

Бүгін, қасиетті жұмада киелі Түркістанда облыс басшысы Жансейіт Түймебаевтың қолынан баспананың кілтін алған Батыр ана өң мен түстің ортасында ғажайып күй кешіп тұр”, – деді ол.

Үй Ленгер қаласынан берілді. Ал Жазираның жолдасы Олжас Әбілдабеков алдағы уақытта арнайы оқыту курстан өткізіліп, жұмысқа орналасатын болды. 

На данном изображении может находиться: 6 человек, люди улыбаются, люди сидят

Айта кетсек, бұдан бұрын 7 баланың анасы Жазира Тұрғынованың Шымкенттің түбінде пәтер жалдап тұрып жатқаны хабарланған. 

Бұл күнде 4 ұл мен 3 қыз тәрбиелеп отырған ерлі-зайыптының тұңғыштары 9 жасқа толып отыр. Ал, сүт кенжелері сегіз айлық. Жас аралықтары 1 жас бір айдан басталады.

Көпбалалы ана отбасының тұрмыстық жағдайы көңіл көншітпейтінін айтқан болатын. “Күйеуім әлі күнге жұмыс тапқан жоқ. Тек уақытша жұмысқа жалданып, жанұясын асырауда”, – деген еді Жазира Тұрғынова. 

Бұған өңір басшысы Жансейіт Түймебаев бірден назар аударып, баспана берді. Осылайша көп балалы отбасының ең басты мәселесі шешілді. 

Пікірлер

пікір