Back

Назарбаев: “Құдайға шүкір, әлемнің ең дамыған 50 елінің қатарына кірдік”

Қазақстандықтардың жаңа буыны – Қазақстанның ең үлкен жетістігі. Бұл туралы бүгін мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев мәлімдеді. 

“Мен көріп отырған қазақстандықтардың жаңа буыны – Қазақстанның ең үлкен жетістігі, мемлекет басшысы ретінде менің еңбегімнің ең үлкен нәтижесі. Бүгін сіздермен кездесіп отырғаныма қуаныштымын. Қазақстан жастары жылының басталуымен құттықтаймын”, —деді Назарбаев “Нұр Әлем” павильонында өтіп жатқан салтанатты шарада. 

Президент қазір көз алдымызда жаңа жаһандық өркениет туып жатқанын атап өтті. 

“Біз оқушы болған кезде, ауылда теледидар деген болмайтын. Радио енді-енді пайда болып жатқан кез, теледидар атымен жоқ. Яғни, адамзат пен әлем үшін 100 жыл деген ештеңе де емес. Бұл бір сәт қана. Қараңыздар, әлем қалай өзгеріп жатыр. Қазір әр он жыл сайын бәрі өзгереді. Сондықтан біздің ел қазіргі уақыт ұсынып отырған сын-қатерлерге дайын болуы керек”, — деді Елбасы. 

Назарбаев жастар елдің бәсекеге қабілеттілігінің басты факторы екенін айтты. 

“Аллаға шүкір, біз әлемнің ең дамыған 50 елінің қатарына кірдік. Бірақ бұл жеткіліксіз. Бүгін мемлекеттер арасында ғана емес, адам мен адам арасында бәсеке жүріп жатыр. Сондықтан ғылым мен білімді көтеретін креативті жастары бар ел ғана жеңеді. Мен бүгін соған куә болып отырмын”, — деді мемлекет басшысы.

Дереккөз: sputniknews.kz

Бөлісу
Share on Facebook
Facebook
1.1kShare on VK
VK
Tweet about this on Twitter
Twitter
Print this page
Print

Пікірлер

пікір