Back

Лаңкестік шабуыл ұйымдастырмақ болған қылмыстық топ құрықталды

Алматыда террорлық шабуыл ұйымдастырмақ болған қылмыстық топ ұсталды.

ҰҚК баспасөз қызметінің мәліметінше, 10 қаңтар күні Алматы қаласында Қазақстан аумағында теракт жасамақ болған Орталық Азия елдерінен шыққан бірнеше азамат ұсталған.

«Ұлттық қауіпсіздік қызметі арнайы операция барысында Қазақстан аумағында террорлық шабуыл ұйымдастырмақ болған Орталық Азия елдерінің азаматтары ұсталды. Тексеру кезінде олардың тұрғылықты мекен-жайларынан қару-жарақ және жарылғыш зат жасауға арналған құралдар тәркіленді» – делінген ҰҚК таратқан ақпаратта.

Қылмыстық топ мүшелері «Ислам мемлекеті» террорлық ұйымының нұсқауы бойынша, Алматы қаласындағы халық көп жиналатын орындарда лаңкестік шабуыл жасауды жоспарлаған.