Back

Айдос Сарым: “Қайсар Жанахановты кәсіби маман ретінде жоғары бағалаймын”

Саясаттанушы Айдос Сарым Қоғамдық даму министрлігі Қоғамдық келісім комитетінің төрағасы Қайсар Жанахановтың ұсталуына қатысты пікір білдірді. 

“Ол қазіргі медиа нарықты бүге-шігесіне дейін білетін білікті басшы, кәсіби маманның бірі. Қайсармен ұзақ жылдан бері таныспын. Кезінде бір департаментте жұмыс істедік. Оны ел үшін еңбек еткен өз ісінің үздігі ретінде жоғары бағалаймын”, – дейді Сарым.

Саясаттанушы тергеу жұмыстары Қоғамдық келісім комитетінің төрағасы үшін оң аяқталарына сенімді.

“Тергеу жұмыстары аталған істің анық-қанығын анықтай жатар. Ақыр соңында Қайсар өзін ақтап шығып, адам ретінде, маман ретінде өз әлеуетін толықтай танытатын мүмкіндікке ие болады, – дейді Сарым.

Астана қаласы жемқорлыққа қарсы Ұлттық бюросының хабарлауынша Қоғамдық келісім комитетінің төрағасы Қайсар Жанаханов 1,9 теңге көлемінде пара алған деп күдіктеліп отыр. Дәл қазір ол үй қамақта.

Пікірлер

пікір