Back

Түлкібаста «Тәуелсіздік тұғырым» атты жастар форумы өтті

 

Түлкібас аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен «Тәуелсіздік тұғырым» атты Түлкібас ауданы жастарының форумы өтті.

Елімізде ұлттық деңгейде мемлекеттік жастар саясатының жүйелі заңнамалық тұғырын қалыптастыру, жастар саясатының институттарын жетілдіру және осы саладағы министрліктердің салааралық үйлестірілуін қамтамасыз ету шаралары қолға алынған болатын. Осыған байланысты, жастардың қоғамдық-саяси процестерге толыққанды қатысуы, мемлекет пен қоғамның дамуы үшін, жалпы алғанда, маңызды болып тұрғаны белгілі. Сонымен қатар, жастардың құрылымы жағынан халықтың күрделі әлеуметтік-демографиялық тобын құрайтынына жіті назар аудару қажет. Осы тұғыдан алғанда, жастар әртүрлі мүдделері мен қажеттіліктері бар алуан әлеуметтік топтардың жиынтығы. Осы аталған мәселелер Түлкібас ауданда өткен алқалы басқосуда кеңінен сөз болды.

– Жастардың бірізді әрі ептеп қоғамдық-саяси салаға тартылуы орасан зор маңызды деп есептейміз. Өйткені, жастардың саясатқа араласуы белгілі бір дәрежедегі жастардың алдын-ала шыңдалуын талап етеді. Өз кезегінде, жастарды қоғамдық-саяси өмірге дайындау мемлекеттің жастар саясатына байланысты болып тұр, – деп форумға қатысқан белсенділер ойларын ортаға салды.

Форумды Түлкібас ауданы әкімінің орынбасары Е.Кузембаев ашып беріп, жылдың «Үздік жастарын» аудан әкімінің «Алғыс хатымен» марапаттады. Марапат-марапатқа жалғасып аудандық мәслихат хатшысы С.Сейсенбаев және «Нұр Отан» партиясы Түлкібас аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары А.Нұранов ауданымызда жастар саясатының дамуына үлес қосуда белсенділік танытқан жастарымызды құттықтап, арнайы «Алғыс хаттарымен» марапаттады. Кеш соңы концерттік бағдарламаға ұласып, ауданымыздың өнерлі жастары өнер көрсетті.