Back

Жетісайда «Инватакси» қызметі жолға қойылды

Биыл Жетісай ауданында жекелеген санаттағы  1008 азаматтарға  шипажайларға және демалыс үйлеріне тегін демалып, ем алу мүмкіншілігі қамтамасыз етілді. 

Мүмкіндігі шектеулі 617 азамат  санаторияларда денсаулықтарын түзеп қайтты. Сол сияқты «Инватакси» қызметі үшін жергілікті бюджеттен 14903,0 мың теңге қоларбада отыратын мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қызмет көрсету үшін қаржы бөлінді. Бүгінгі таңда 2 инватакси автокөлігі жолға қойылды және 2 – диспетчерлік кезекші, 1 – медициналық дәрігер, 1 – көмекші (автокөлікке мініп түсіруші) қызметшілері 172  мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қызметтер көрсетілуде.

2017 жылы  Жетісай қаласында «Мүгедек балаларды оңалту орталығы  және 2018 жылдың 12 сәуірден бастап Асықата кентінде «Асықата мүгедек балаларды оңалту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемелері өз жұмыстарын бастады.

Қазіргі таңда Жетісай ауданында 70 мектеп жұмыс істейді, олардың 62-і типтік, 8-і ыңғайластырылған ғимараттарда жайғасқан. Апатты және үш ауысымдағы мектептер жоқ.  Бүгінгі таңда ауданымызда 7 мектептің құрылысы жүргізілуде. Аудан бойынша 20 мемлекеттік бала-бақша, 25 мектеп жанындағы шағын орталық және 138 жекеменшік балабақшада 16 мың 768  бала тәрбиеленуде, яғни 3-6 жастағы балаларды қамту  94,4  пайызды құрайды.