Back

Мархабат Байғұт: “Түркістан өңірі үшін Тәуелсіздіктің сыйы көп”

 Мәселен 90-жылдардың басында өңір халқының саны 1 млн 800 мың болса, бүгінгі таңда Шымкент қаласының тұрғындарын қоса есептегенде 3 миллионнан асады.

Ал Түркістан облысы халқының өзі 2 миллионның үстінде. Жалпы еліміз үшін, тұтас түркі жұрты үшін Тәуелсіздіктің ең үлкен жемісі – Түркістан облысының құрылуы болды. Демек, ғасырлар бойы Тәуелсіздік жолында күрескен батыр бабаларымызға тұғыр болған киелі Түркістанның жаңа дәуірі қайта басталды.

Тәуелсіздіктің әрбір жылы Түркістан облысы үшін жеңіс пен жетістікке толы. Өйткені кеңестік кезеңде айтуға тыйым салынған, ұлттық құндылықтарымыз бен рухани дүниелеріміз қайта жаңғырып, ортамызға оралды. Белігілі жазушы Мархабат Байғұт ол кездерде халық Отырар мен Түркістанды, Арыстанбаб пен Ясауиді айтуға, оларға зиярат жасауға қорқатын дейді.

Сонымен қатар өңірде 21 жыл бойы біріктіріліп келген Мақтаарал мен Жетісай және Сарыағаш пен Келес аудандары өз алдына жеке шаңырақ көтеріп, төрт ауданға бөлінді.

Тәуелсіздік жылдары өңірдегі Арыс пен Отырар аудандарының аумағында салынған тағы бір ірі жоба бар. Ол – сыйымдылығы 3 млн текше метр болатын Көксарай су қоймасы. Бұл жоба да тікелей Елбасымыздың қолдауымен іске асырылған. Қазір оның пайдасын жергілікті халық көріп отыр.