Back

Түлкібас цифрландыру жұмыстары оң бағытта дамып келеді

Бүгін Түркістан облысы, Түлкібас ауданында  «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында  атқарылып жатқан жұмыстармен танысу мақсатында  ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа  қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары А.Шайымова және ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа  қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Ғ.Тұрсынбаев арнайы келді.

Алдымен Түлкібас аудандық соттағы халықтық кеңсенің жұмысымен танысып, татуласу бөлмесін аралап көрді. Сотқа дейін мәселені дер кезінде шешу мақсатында жергілікті жерлерде жұмыс атқарып жатқан медиаторлармен кездесті. Сонымен қатар аудан әкімдігінің халықтық кеңсенің жұмысымен аудан әкімі Н.Тұрашбеков таныстырып өтті. Халықтық кеңседе  қажетті интернет желісі мен арнайы мамандармен қамтамасыз етілген.

Жалпы халықтық кеңсе – халыққа қызмет көрсететін мемлекеттік мекемелердің сапасын арттыру – заман талабы. Бұл туралы Елбасымыз үнемі айтып келеді. Міне, бүгін осы халықтық кеңсемемлекеттік қызметтің 96 түрін көрсететін болады. Әрбір салада арнайы мамандар келген тұрғынға кеңес беріп, қажетті құжаттарын алуға көмек беретін болады.    Бұл – халық пен билік арасын одан сайын жақындастыра түсетін кеңсе болмақ.

Dalanews.kz