Back

«Шаншар» театры Отырарда өнер көрсетті

Егемен еліміздің айтулы мерекесі Тұңғыш Президент күні мен Тәуелсіздік күні қарсаңында ауданымызға гостролдік сапармен келген “Шаншар” әзіл-сықақ театры отырарлықтарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Өмірде болып жатқан оқиғаларды қағытпа әзілмен, астарлы қалжыңмен жеткізген өнер иелеріне көрерменнің ықыласы, қошеметі зор болды.

 

Қоғамның кейбір кемшіл тұстарын әзілмен шаншып, көптің көңіліндегі ойды әсерлі етіп суреттейтін өнердің осы бір ең құдіретті саласы кім-кімнің болмасын көңілін көтеріп, бір серпіліп қалатыны ақиқат. Кеш барысында тетардың белді өнерпаздары Уәлибек Әбдірайымов пен Жүсіп Ақшораев өздері туып өскен киелі Отырарға деген жалынды сәлемдерін жолдап, туған жерге деген құрметтерін көрсетті. Өнер иелері Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың салиқалы саясатының арқасында ауданымыздың жыл санап жайнап, жасарып келе жатқанын мақтанышпен айтып, отырарлық жерлестерін келе жатқан 16-желтоқсан Тәуелсіз күнімен құттықтады.

Кеште шырқалған жерлестеріміз, ақын Серік Сейітманның сөзіне жазылған Берік Сексенбекұлының “Шәуілдір кеші” әні отырарлықтардың рухын көтеріп, жастарға жігер сыйлады.

Dalanews.kz