Back

Түркістан облысының тұрғындарының солтүстік облыстарға қоныс аударуы жалғасуда

Түркістан облысынан солтүстік өңірлерге қоныс аударуға ниет білдірген отбасыларды ол жақтағы ағайындардың тұрмыс-тіршілігімен танысу үшін 2017 жылы демеушілер есебінен 35 отбасыға автобус жалдап апарып, көрсетіп қайтқаны есімізде. Бүгінде бұл жобаның нәтижесі көңіл қуантады.

Қазір ісі оңға басып, ұлы көшке қосылушылар қатары артқан. Мәселен, биылғы 9 айда 196 отбасы (819 адам) солтүстік өңірлерге қоныс аударды. Оның ішінде Солтүстік Қазақстан облысына – 92, Шығыс Қазақстан облысына – 25, Қостанай облысына – 29, Павлодар облысына 50 отбасы көшіп барды.

Биыл 125 отбасы өкілдері солтүстік өңірлерінің табиғатымен, тыныс-тіршілігімен танысып қайтты. Атап айтқанда, Павлодар облысына – 75, Қостанай облысына – 25, Солтүстік Қазақстан облысына 25 адам барды. Әрине, тұрғындарымыз үшін Қазақстанның қай жері болсын өз Отаны саналады. Өзге аймақтарға қоныс аударып, жаңа жұмыс орнына орналасушыларға жолақы шығыны және басқа да жеңілдіктер қарастырылған. Осылайша Түркістан облысының тұрғындары өзге облыстарға қоныс аударын еліміздегі ішкі миграцияның оң бағытта дамуына ықпал етіп отыр.

 

Dalanews.kz