Back

Келес ауданында өнім өндіру көлемінің 77,3 пайызын ауыл шаруашылығы саласы құрады

Биыл  «Оңтүстік Қазақстан облысының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы» ҚР Президентінің 2018 жылғы 5 маусымдағы №698 Жарлығының 1-тармағының 2) тармақшасына сай, Сарыағаш ауданынан Келес ауданы бөлініп шыққаны белгілі. Жақында Келес ауданының әкімі Ақментай Есбаев Түркістан қаласында журналистермен жүздесіп ауданның даму бағыты жайында ой бөлісті.

2018 жылдың 10 айында өндірілген аумақтық жалпы өнім көлемі 36,6 млрд теңге құрап, тиісті кезеңмен салыстырғанда 2,4 млрд. теңгеге немесе 93,7 пайызды құраған болса, оның 28,3 млрд теңгесі немесе 77,3 пайызы ауыл шаруашылығының үлесінде.

Кәсіпкерлікті дамыту аясында белсенді шағын және орта бизнес бойынша белсенді кәсіпкерлік субъектілер саны 7 279 бірлікті құрап, тиісті кезеңмен салыстырғанда 101,2 пайызға артқан. Осы салада жұмыс істейтіндер саны 16 120 адамға жетіп, 100,8 пайызға, шығарылған өнімдер мен көрсетілген қызмет көлемдері 23,2 млрд теңгені құрап, 114,1 пайызға және бюджетке тиесілі төленген салық төлемдері 105,3 пайызға артып,  327,0 млн. теңгені құрады.

Өңірлік индустриаландыру картасына құны 478,4 млн теңге болатын 2 жоба ұсынылды. Ашылған жаңа жұмыс орындары 100.

Ауданда жыл басынан бері 9 жоба іске асырылды. Жобалардың жалпы құны 592,1 млн. теңге. Ашылған жаңа жұмыс орындары 101. 2019 жылы жалпы 3 ірі жоба іске асырылу көделуде. Жалпы құны 4100,0 млн теңге. Ашылатын жаңа жұмыс орындарының саны 90. Негізгі капиталға бағытталған инвестиция көлемі 3020,5 млн теңге құрап, тиісті кезеңмен салыстырғанда 42,1 пайызды құрады.

Dalanews.kz

Пікірлер

пікір