Back

Түлкібаста мал саны көбеюде

Бүгінде табиғаты ауылшаруашылық саласына қолайлы Түлкібас ауданында мал шаруашылығын дамыту ерекше қолға алынып, мал басы жылдан-жылға артып келеді. Аудандағы әрбір шаруашылық асыл тұқымды мал басын арттыруды қолға алған. Өйткені асыл тұқымды малдар етті және сатуға ыңғайлы болады.

Түлкібастағы шаруалардың мал шаруашылығын дамытуда мемлекеттік бағдарламалар да оң бағытта әсер еткенін атап айтуға болады. Айталық, «Сыбаға» бағдарламасы бойынша жоспарда 75 бас сатып алу болса, қазіргі таңға 147 сатып алынып жоспар 196,0 пайызға артығымен орындалған. Ал «Құлан» бағдарламасы бойынша жоспарда 106 бас сатып алу болса, қазіргі таңға 164 сатып алынып 155,0 пайызға өсіп отыр.

«Алтын асық» бағдарламасы бойынша жоспарда 334 бас сатып алу болса, қазіргі таңға 450 сатып алынып 134,7 пайызға өскен.

Түркістан облысы мал шаруашылығын дамыту іс-шараларының ауданда 10-15 басқа арналған 269 шағын мал бордақылау алаңдары, 5-10 бастық 83 жанұялық сүт фермасы құрылып жатқанын да айта кетуіміз керек.

Бүгінде ауданда асыл тұқымды 3008 бас ірі қара мал, 755 бас жылқы бар. Оның ішінде осыдан 3 бұрын Австралия елінен әкелінген Жабағылы ауылындағы ангус және герефорд асылтұқымды ірі қара малдар жерсініп, төлдеп мал басы 800-ге жеткен. Сонымен қатар Керейт ауылындағы Ресей, Түркіменстан, Қырғызстан елінен әкелінген сәйгүліктер республикада өткізілген түрлі жарыстарға қатысып, аудан мерейін үстем етуде.

Жалпы ауданда мал шаруашылығын дамыту, малдарды асылдандыру мемлекеттік бағдарламалары толық орындалып отыр.

 

Dalanews.kz

 

Пікірлер

пікір