Back

Түлкібас ауданы әкімі жыл бойы атқарылған жұмыстары жайында есеп берді

Күні кеше ғана Түлкібас ауданы әкімі Нұрбол Тұрашбеков соңғы 10 айда атқарылған жұмыстар жайында журналистер алдында есеп берді.

Алқалы басқосуда ауданы әкімі Түлкібас ауданында атқарылған жұмыстардың нәтижесінде 2018 жылдың 10 айының қорытындысымен, жалпы өңірлік өнім 60 974,4 млн. теңгені құрап, жан басына шаққанда 550,3 мың теңгеге немесе 112,0% өскенін мәлім етті. Өткен жылдың тиісті кезеңінде көрсеткіш 54 451,7 млн. теңге болған. Осы бір мәліметтен-ақ ауданда дамудың орын алғанын байқауға болады.

– 2018 жылдың 1 қарашасында аудан бюджетінің кіріс бөлігінің жоспары 13 604,6 млн. теңге болса, оның  орындалғаны 13 723,6 млн. теңгені құрап, жоспар 100,9 пайызды құрады, –  деді Н.Тұрашбеков мырза.

Жергілікті бюджеттің шығыс жоспары 13 672,8 млн. теңгеге жоспарланып, 13 655,7 млн. теңгесі игерілген. Әзірше жоспар  99,9 пайызға орындалған. Қалғаны жыл айғына дейін іске асатынын бағамдауға болады.

Аудан әкімі журналистермен жүздесінде аудандағы ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, әлеуметтік сала бойынша атқарылған жұмыстарын жіпке тізгендей әңгімелеп берді. Сонымен қатар журналистердің қойған сұрақтарына жауап берді.

 

Dalanews.kz