Back

Жаңа мемлекеттің келбетін қалыптастырған Елбасы

Тұңғыш Президент күнін біз мақтанышпен сезінеміз. Өйткені Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев  қазақ халқының ынтымақтастығын жарастырып, бүкіләлемдік тыныштыққа, дүниежүзіндегі халықтар мен мемлекеттер арасындағы келісімге, дүниежүзілік мәдениетті, бейбітшілікті арттыруға сүбелі үлес қосып, жаңа мемлекеттің келбетін қалыптастырды.

Мемлекет басшысы жаңа мемлекет болашағының тарихи жауапкершілігін өз мойнына алды. Осы жауапкершілікті Көшбасшымыздың жеке мойнына алу факторы өз халқының алдында еліміздің – бірлікте, тұрақтылықта, тиянақты дамудың маңызды жетістігі.

Бүгінде қазақстандық халық бүтіндей Президенттің жүргізіп отырған реформаларын, әлемдік саясатты және бірлікті қолдайды. Оның атымен біз еліміздің тұрақтылығын және экономикалық жаңғыртылуын байланыстырамыз. Биылғы жылы Елбасымыздың Жарлығымен Келес ауданы 21 жылдан кейін өз алдына жаңа аудан болып, бүкіл Келес халқы үлкен қуанышқа бөленген болатын.

Елімізде татулық пен бірліктің, келісім мен түсіністіктің орнауы, халқымыздың зор жетістіктерге жетуі – Елбасының сарабдал, дана саясатының жемісі. Сол себепті де кемеңгер көшбасшымыздың қоғам өміріне арнаған ерен еңбегін бағалай білу баршамыздың парызымыз. Тұңғыш Президентіміздің Келес халқына деген ықыласы үшін Келес халқы атынан ерекше алғысымызды айтамыз.

Келес ауданының барлық тұрғындарына жақсы көңіл күй, жаңа жетістіктер, шығармашылық табыстар, мықты денсаулық және жаңа бастамаларда тек қана сәттілік болып, республикамыздың игілігі жолындағы еңбектеріңізге жемісті табыстар тілейміз!

 

Ақментай Есбаев, Келес ауданының әкімі.

Пікірлер

пікір