Back

Ордабасы ауданында «Қыс-2018» оқу-жаттығу шарасы өтті

Ордабасы ауданында «Қыс-2018» республикалық командалық-штабтық оқу жаттығу аясында ауданымызда бірнеше ісшара өтті. Төтенше жағдайлар комиссиясы отырысында барлық қызметке тиісті тапсырмалар берілді.

Екі күнге созылған оқу жаттығудың алғашқы күні құлақтандыру жүйелері іске қосылып, дайындығы тексерілді. Дүрлікпе тудырмау мақсатында тұрғындар арасында алдын ала түсіндіру жұмыстары жүргізілген.

Екінші күні, яғни, бүгін қыс кезінде төтенше жағдайларға тартылатын барлық авариялық құтқару қызметтерінің жеке құрамы мен техникаларын орталық алаңға жинап, дайындығы тексерілді.

Өз кезегінде аудандағы төтенше жағдайлар қызметінде еңбек ететін мамандар қандай оқиға болса да ауыздықтап, оның алдын алуға сақадай сай екендерін нақты іспен көрсетті.

Аудан әкімінің орынбасары, төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссияның төрағасы Оралбаев Азат, аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы, азаматтық қорғау подполковнигі Қоспанов Жомарт ісшараның маңыздылығына тоқталып, дер кезінде қажетті көмекті көрсету үшін техникаларды әрдайым күтіп ұстауға шақырды.

Аудандық төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссия хатшысы Нұрлыбек Сұлтанханов осындай қысқа дайындық ісшаралары барлық ауыл округінде жүргізілгенін хабарлады.

 

Dalanews.kz

Пікірлер

пікір