Back

Елбасының мақаласына қолдау көрсету – басты парызым

Үстіміздегі 2018 жылдың 21 қарашасында Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» тақырыбында мақаласы жаряиланды.

Мақалада «Кеңістік – барлық нәрсенің, ал уақыт – бүкіл оқиғаның өлшемі. Уақыт пен кеңістіктің көкжиегі тоғысқан кезде ұлт тарихы басталады. Бұл – жай ғана әдемі афоризм емес» деп атап өтті.

Шын мәнінде, «Ұлт тарихындағы кеңістік пен уақыт» тармағындағы: Атқа міну мәдениеті, Ұлы даладағы ежелгі металлургия, Аң стилі, Алтын адам, Түркі әлемінің бесігі, «Тарихи сананы жаңғырту» тармағындағы: Архив-2025, Ұлы даланың Ұлы есімдері, Түркі әлемінің генезисі, Ұлы даланың ежелгі өнер және технологиялар музейі, Дала фольклоры мен музыкасының мың жылы, Тарихтың кино өнері мен телевизиядағы көрінісі туралы жазылған пікірлер дер кезінде көтерілген мәселе деп ойлаймын

Елбасының былтырғы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласының жалғасы ретінде, жоғарыда көрсетілген пікірлерді бірауыздан қолдап, келер ұрпақтың төл тарихымызды білуіне, оны бағалайтын және мақтан тұтуына насихаттауда бар күш-жігерімізді салуымыз қажет.

Өткенімізді мақтан тұтып, бүгінгі күнді бағалай білу, болашаққа оң көзқарас таныту – еліміздің табысты болуының кепілі екендігі бармашызға аян.

 

Батырбек Исламбеков, Арыс қалалық «Ардагерлер Кеңесі» қоғамдық бірлестігінің төрағасы.