Back

Елінің бақыты үшін туылған тұлға

Тәуелсіздікке ие болған жиырма жеті жыл ішінде Республика Президентінің жетекшілігімен ауқымды экономикалық, саяси және әлеуметтік реформалар жүзеге асырылды.

Елбасы халықты орасан зор істерге жұмылдырды, қоғамдағы татулық пен келісімді нығайту ісінде әлем аларлық саясат ұстанды. Еліміздің сыртқы саяси бағытын дәл нұсқап, тұңғыш рет қазақ мемлекетінің шекарасын айқындады, төрткүл дүниеге тең терезелі ел ретінде мойындатты.

Міне, сондықтан да әлемнің саясаткерлері Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Қазақстан мемлекеттілігінің негізін қалаушы және бүкіл халықаралық қоғамдастықтың ризашылығы мен құрметіне ие болған жаһандық, өңірлік бейбіт бастамалардың авторы ретінде таниды.

Бүгін қаламыздағы мәдениет үйінде 1-желтоқсан Тұңғыш Президент күніне арналған «Елін сүйген Елбасы, елі сүйген Елбасы» атты мерекелік салтанатты жиын өтті.

Жиынға қала әкімі М.Қадырбек, қалалық мәслихат хатшысы А.Байтанаев, әкім орынбасарлары, мәслихат депутаттары, мекеме, бөлім басшылары мен қызметкерлері, зиялы қауым және этномәдени орталықтардың өкілдері, үкіметтік емес ұйымдардың жетекшілері, жастар және БАҚ өкілдері қатысты.

Тұңғыш Президент күніне арналған салтанатты жиында қала әкімі Қадырбек Мұрат Болатұлы қала халқын айтулы мерекемен құттықтап, Арыс қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан бірқатар азаматтарды Алғыс хаттармен марапаттады.

400-ге жуық көрермендер қатысқан «Елін сүйген Елбасы, елі сүйген Елбасы» тақырыбында өткен салтанатты шарада мың бұралған бишілер мен күміс көмей әншілер Арыс аспанын әнге бөледі.

 

Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Пікірлер

пікір